Шуда газ баллоны жарылып соңы алапат өртке ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шуда газ баллоны жарылып соңы алапат өртке ұласты

Шуда газ баллоны жарылып соңы алапат өртке ұласты

Жамбыл облысында 5 қабатты үйдің түгі қалмай жанып кете жаздады. Адамдары аман болғанымен, 400-ге жуық тұрғынның тәтті ұйқысы бұзылды. 

  • 19 Наурыз 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz


Оқыс оқиға Шу қаласында болған. Тілсіз жау таң алдында бесінші қабаттағы пәтердің бірінен тұтаныпты. Газ баллонының жарылуынан күш алған жалын, шатырды да шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметі 4 сағат бойы өртпен алысты. Жалпы аумағы мың шаршы метр жанып кеткен. Қауіпсіз жерге көшірілген 400 адамның біреуі де жапа шеккен жоқ. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Материалдық шығын көлемі анықталуда. Көп қабатты үйге былтыр ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.