Ауыл шаруашылығы министрлігінде кезекті жемқорлық дауы - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы министрлігінде кезекті жемқорлық дауы

Ауыл шаруашылығы министрлігінде кезекті жемқорлық дауы

Бұл жолы Астананың бас мал дәрігері Нығмет Жақыпбаев шатылып жатыр. Қаржы полициясы шенеуніктің 2 жыл бұрынғы былығын ашқан.  

  • 19 Наурыз 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz


Нығмет Жақыпбаев 2012 жылы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болған кезінде «қызмет бабын асыра пайдаланған» деп айыпталып отыр. Тергеу материалдарына сүйенсек, атқамінер Шығыс Қазақстан облысының 3 ауылында «ветеринариялық зертханалардың құрылысы аяқталды» деп жалған құжаттарға қол қойған. Сөйтіп мемлекетке 83 миллион теңге көлемінде шығын келтіріпті. Қаржы полициясы алғашында 61 жастағы Астананың бас ветеринарын ұстағанымен кейін денсаулығына байланысты кепіл ақшамен бостандыққа жіберген. Айта кетсек, қазір Елорданың тергеу изоляторында ірі көлемде пара алған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев пен Мал шаруашылығы департаментінің директоры Мақсұт Бақытыбаев соттың басталуын күтіп отыр.