БҰҰ Бас хатшысы Қырымға қатысты диалогтарды қайта жандандыруға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Бас хатшысы Қырымға қатысты диалогтарды қайта жандандыруға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Қырымға қатысты диалогтарды қайта жандандыруға шақырды

Қырым төңірегіндегі дау-дамайға қатысы бар тараптар дағдарыстан шығу үшін диалогты қайта жандандыруы қажет.

  • 19 Наурыз 2014
  • 671
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті.

Оның айтуынша, «БҰҰ Жарғысына қайшы келмейтін, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтірмейтін жолды табу үшін жұмыс істеу керек».

С.Дюжаррик «БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун дағдарыс басталғалы бері тараптарды жағдайды ушықтырмауға шақырғанын» атап өтті.

"Пан Гим Мун Қырым референдумының нәтижелерін мойындай ма?"  деген сұраққа ол: «бұл бас хатшының міндетіне кірмейді» деп жауап берді.