Бұл туралы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ вице-президенті Бауыржан Құдабаев мәлім етті.
«Қазір орталықтың техникалық директоры бастаған мамандарымыз зауытта ғарыш аппаратын тексеру үстінде», — деді Б.Құдабаев сәрсенбі күні Астанада Қазақстандағы ғарыштық байланыс саласына 10 жыл толуына орайластырылған конференцияда.
Оның айтуынша, қазір ғарыш аппараты сынақтың негізгі түрлерінен өткізіліп болған. «KazSat-3» аппаратын Байқоңыр ғарыш айлағына жөнелтуге дайындық жүріп жатыр», — деді ол.
Отандық телекомуникациялық жер серігі сәуір айының соңында «Протон-М» зымыранымен ғарышқа аттануы тиіс.