Депутат Бақытжан Ертаев Жеңістің 70 жылдығына жаңа орден шығаруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Бақытжан Ертаев Жеңістің 70 жылдығына жаңа орден шығаруды ұсынды

Депутат Бақытжан Ертаев Жеңістің 70 жылдығына жаңа орден шығаруды ұсынды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай жаңа ордендер мен медальдар әзірлеуді ұсынды.

  • 19 Наурыз 2014
  • 897
Фото - Caravan.kz

«Тәрбие және отансүйгіштік бағытындағы жұмыстарды жетілдіріп, қарапайым жауынгерден бастап генералға дейінгі әскери қызметшілердің моральдық рухын көтеру үшін қосымша шараларды қолға алуымыз керек», — деді Б.Ертаев палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында премьер-министр Серік Ахметовке арнаған депутаттық сауалымен таныстыру барысында.

«Осындай шаралардың бірі ретінде (…) қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова сынды даңқты ұлдары мен қыздарының құрметіне мемлекеттік наградалар мен ордендер шығаруды ұсынамыз», — деп қорытты депутат.


Бақытжан Ертаевтың КТК телеарнасына берген сұхбаты