АҚШ компаниялары Ресейдегі бизнестері шығынға ұшырайды деп қауіптеніп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ компаниялары Ресейдегі бизнестері шығынға ұшырайды деп қауіптеніп отыр

АҚШ компаниялары Ресейдегі бизнестері шығынға ұшырайды деп қауіптеніп отыр

Ресейде жұмыс істеп жатқан General Electric Co. және Boeing Co., сынды тағы басқа америкалық компаниялар Қырым мәселесіне қатысты санкция енгізілген жағдайда

  • 19 Наурыз 2014
  • 508
Фото - Caravan.kz

РФ жағы қарсы жауап ретінде қатаң шаралар қолдануы мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр.

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Business Roundtable қауымдастығы президенті Джон Энглердің айтуынша, қауымдастыққа мүше 100-ге жуық компания басшылары Вашингтонда АҚШ Қорғаныс министрі Чак Хейгелмен кездеспек. Онда санкция мәселесі міндетті түрде қаралады, дейді Дж.Энглер.

«Компаниялардың басшыларының Ресейде болып жатқан оқиғаларға алаңдаушылық білдіріп отырғаны анық, — деді Дж.Энглер. – Өйткені, кей компаниялардың бизнесінің едәуір бөлігі РФ аумағында шоғырланған».

Ernst & Young компаниясының 2013 жылғы зерттеулеріне қарағанда, Ресейдегі шетел инвестициясының дені американдық компанияларға тиесілі. Негізінен, олар жоғарғы технологиялар мен қаржы секторына шоғырланған. Әсіресе, РФ 2012 жылы ДСҰ-на мүшелікке енгеннен кейін олардың саны күрт артқан.


Қосымша санкциялардан бизнеске мынадай екі түрлі қауіп төндіреді: санкциялар АҚШ-тың коммерциялық мүддесіне тікелей нұқсан келтіреді немесе Ресей американдық компанияларға қарсы санкция енгізуі мүмкін.