Ақтөбе облысында жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем қарға батып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем қарға батып қалды

Ақтөбе облысында жүкті әйелді әкеле жатқан жедел жәрдем қарға батып қалды

Ақтөбе облысына қыс қаһарына қайта мінді. Кешелі бері қарлы боран соғып, арты көктайғаққа ұласқан. Жұрт биыл көктемді әзір көре алмаймыз-ау деп сары уайымға салынып жатыр.

  • 20 Наурыз 2014
  • 380
Фото - Caravan.kz


Ақтүтек кесірінен республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орск мен Самара-Шымкент жолдарында қатынас тоқтады. Қазір арнайы қызметтер құтқару жұмыстарына кірісті. Бір түнде ғана олар 46 адамды қар құрсауынан алып шығыпты. Ал Мұғалжар ауданында ішінде жүкті әйелі бар жедел жәрдем көлігі омбылап тұрып қалып, әрең дегенде орнынан қозғалған. Облыс орталығының өзінде қазір күшті дауыл соғып тұр. Екпінді жел тіпті көшедегі билбордтардың өзін жұлып әкетуде. Синоптиктер, мұндай құбылмалы күн райы екі-үш күнсіз басылмайды деп болжап отыр.