Бұлар — Лена және Виктор Воробьевтардың, Сергей Масловтың, Алмагүл Меңлібаеваның және Ада Юдің жұмыстары. Қазақстандық өнер шеберлерімен қатар бәссаудаға Кавказ, Иран, Түркия суретшілерінің картиналары да қойылды.
Жәрмеңе-саудаға өңірдің бағалы шығармалары қойылғаны атап өтілуде. Өткен жылы Орталық Азия мен Кавказ авторларының шығармаларын сату табысты өткен болатын, енді биыл ұйымдастырушылар олардың географиясын кеңейтіп отыр. ҚР суретшілермен қатар Хуссейн Чалаян мен Тильда Суинтонның, Сергей Параджановтың, Таус Макмачеваның және басқа да танымал авторлардың туындылары көрмеге шығарылды.
Өнер шығармаларының бағасы сұранымға қарай қойылады.