«Астана Опера» театры билеттерді онлайн сата бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» театры билеттерді онлайн сата бастады

«Астана Опера» театры билеттерді онлайн сата бастады

Бүгін «Астана Опера» театры билетті сатудың электрондық жүйесін іске қосты. Билеттер саудаға билеттік оператор Biletbar.kz арқылы түседі, билетті сату жөніндегі виджет театрдың сайтында орналасады. Кассадан және Ғаламтор арқылы сатып алынған билеттердің бағасы бірдей. Билетті сату ережесі бұрынғыша: билет айырбасталмайды және кері қабылданбайд

  • 2 Сәуiр 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz

Билетті сату жүйесі ашық түрде жүргізіледі. Сатылған әр билет жүйеде тіркелетіндіктен оны өз күшіңмен немесе бағдарлама арқылы өшіру және өзгерту мүмкін емес. Сондай-ақ билетті қолдан жасаудан қорғауға мән берілді. Әр билет орны, қатары, қалай және қай уақытта алынғаны жайлы сатып алу дерегі бар QR кодпен қамтылған. Залға кіргенде осы код арнайы құралдың көмегімен сканнан өткізіледі де ақпарат оқылады, осылайша билет тексеруден өтеді.


Смартфоны және планшеттік құрылғысы бар адамға билетті басып шығарудың қажеті жоқ, себебі енді электрондық билет опциясы іске қосылды. Шараға келер алдында QR кодты гаджетте сақтау керек, кірерде соны билеттің орнына көрсете саласыз.

Перейти к новостям спорта