«Ақ жол» партиясы мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақ жол» партиясы мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді ұсынды

«Ақ жол» партиясы мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді ұсынды

«Ақ жол» партиясы мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді ұсынды.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Ақ жол» партиясының парламенттегі фракциясы министрліктер, ведомстволар мен әкімдіктер жанынан жекешелендірудің екінші толқынына енетін жаңа заңды тұлғалар ашуға мораторий енгізуді ұсынып отыр», — деп сәрсенбідегі жалпы отырыста үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалмен таныстырған партия өкілі Екатерина Никитинская мәлім етті.

Оның айтуынша, жекешелендіру мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендетуге тікелей бағытталуы тиіс. Олай болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бір кәсіпорынды сатып, оның орнына екіншісін ашып алады. «Біз негізсіз алаңдап отырған жоқпыз. Өйткені, қолданыстағы заңдарға жекешелендірудің екінші кезеңіне енетін жаңа коммерциялық заңды тұлғалар ашуға тыйым салатын норма енгізілмеген», — деп атап өтті депутат.

«Бұл жағдай мемлекет басшысы берген тапсырмалардың тиісінше орындалуына кедергі келтіреді. Сондықтан біз мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді ғана емес, осы кәсіпорындар атқаратын функцияларды бәсекелес ортаға беруді ұсынып отырмыз», — деп қосты Е.Никитинская.