«Палэкспо» бұл Женеваның көрме орталығы. Әуежайдан таяқ тастам жерде орналасқан бұл ғимаратта сан мәрте әлемдік көрмелер ұйымдастырылған. Ал санаулы күндерден кейін дәл осы «Полэкспо» Дэвис кубогын қабылдайды.
Қазақстан үшін Швейцариямен болатын кездесу жауапты ойын. Өйткені алдағы бәсекеде жартылай финал жолдамасы сарапқа салынады. Швейцариялықтарда мұны жақсы түсінеді. Сондықтан теннистің теңдесіз ойыншыларының бірі Федерердің өзін бапкерлер аттай қалап алдағы ойынға алдырды. Бірақ құрамадан бөлек Базель қаласында дайындалғанды жөн көрген Роджер тек ертеңгі жеребе тарту рәсіміне келмек. Австралия ашық біріншілігінің жеңімпазы Станислас Вавринка да қатарда.Төрт жыл бұрын Қазақстанда 0-5 есебімен оңбай ұтылған қарсыластың қарымы мықты биыл.
Станислас Вавринка Швейцария құрамасыныңойыншысы:
—Қазақстаннанұтылғанымыз есімде әлі. Бірақ ол кездедегікоманда мен бүгінгі ұжымды салыстыруғакелмейді. Және де өз жанкүйерлеріміздіңалдында өнер көрсетпекпіз. Біз үшін бұлтамаша мүмкіндік.
Әзірге біздің жігіттердің көңіл күйіжаман емес. Тіпті жергілікті ауа райынабейімделу үшін олар ерте қамданыпты. «Палэкспо» кортында Қазақстан ұлттыққұрамасы алғашқы дайындықтарын бастап кетті. Әрине бұл жұпта Федерер бастағанжігіттер айқын фаворит. Деседе командакапитаны Диас Досқараев команда бабындадеп отыр.
Диас Досқараев Қазақстан құрамасының капитаны:
-Біз Женевада ойнайтынымызды білдік. Сондықтан жақын жердегі Италияның Бра қаласында жаттықтық. Швейцариялықтар харт төсенішін таңдаған. Бұл біз үшін де қолайлы.
Ертең Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Евгении Королев өз қарсыластарын біледі. Жеребе қалай түссе де, Роджер мен Станисласқа амал табу қиынның қиыны екені анық.