Борышкерлерге елден аттап басып шығуға тиым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Борышкерлерге  елден аттап басып шығуға тиым салынды

Борышкерлерге елден аттап басып шығуға тиым салынды

Еліміздің 112 мың тұрғыны  жазда шетелге демалысқа шығуға тиым салынды.  Себебі осыншама азамат мемлекетке берешек. Енді алимент, салық, айыппұл секілді  қарызын өтемегендер Қазақстан аумағынан аттап басып шыға алмайды.

  • 3 Сәуiр 2014
  • 191
Фото - Caravan.kz

Ссебебі құжатқа виза соқтырар кезде, арнайы электрондық базадан азаматтың қарызының  бар-жоқтығы тексеріледі. Берешегі болса, шетелде демалу дегенді мүлдем ұмытады.  Сол себепті сот орындаушылары істі насырға шаптырмас үшін қарызды ең көбі 3 айда төлеп тастаған абзал деп отыр.  Тек шекара асып емделетіндерге жеңілдік жасалады. Кімнің қара тізімге іліккенін  тұрғындар Әділет министрлігінің сайтынан біледі алады.Және қарыздан жоспарлаған сапардан  кемі 2 апта бұрын құтылу керек екен.