Енді алдағы 8 ай бойы мемлекеттік органдар шағын және орта бизнеспен айналысатын азаматтардың есігін қағуға құқығы жоқ. Тек тұтынушыларды алдап-арбаса немесе адам өміріне, денсаулығына қауіп төнген жағдайда ғана кәсіп иесі жауапқа тартылады. Сондай-ақ, жалпы кәсіпкерлерді тексеру тәртібі де түбегейлі өзгермек. Ал, алдағы уақытта жеке іс жүргіземін деушілерге қойылатын талаптар 30 пайызға қысқарып, рұқсат беру автоматтандырылады. Әсіресе құрылыс саласында бизнес ашатын азаматтарға ерекше жеңілдік жасалмақшы.