Шығарманың басты кейіпкері Серік Сәпиевті және Олимпиада жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы жайлы түсірілген фильмнің авторы әрі продюсері Ольга Сапожникованы 2 сәуір күні, Мәкеуде болған марапаттау рәсімі кезінде фестивальдің құрметті президенті Ирина Роднина құттықтады. Ал әділқазылар алқасының төрағасы, белгілі актер Евгений Герасимов Серіктің спортқа сіңірген еңбегін атап өте келе, бұл туындыны елдің барлық мектептерінде көрсету қажет екендігін айтты.
Еске сала кетер жайт, ағымдағы жылғы осынау ірі спорттық кино жанрындағы ТМД және Еуропа елдерінің форумына 23 мемлекеттен алты аталым бойынша 77 деректі және көркем ленталар ұсынылған.

