Биылғы жылы оған жас орындаушылардан 100-ден астам өтінім түсті. Олардың 14-і ғана іріктеу турының барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті.
Жас өнерпаздар қазақ, орыс, ағылшын, итальян, қырғыз, серб және француз тілдерінде ән шырқайды.
Байқауды ұйымдастырушылар — Астана қаласының әкімдігі, «Хабар» агенттігі, «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің дирекциясы және Астана қаласының мәдениет басқармасы.