Кәсіпкер отбасына қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпкер отбасына қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Кәсіпкер отбасына қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Өткен жылдың 28 желтоқсанында бетперде киген белгісіз екеу Зеленов ауданы Озерное ауылында тұратын, Орал қаласында сүт өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер зейнеткерлер Тәжібаевтар үйіне басып кірген еді.

  • 3 Сәуiр 2014
  • 374
Фото - Caravan.kz


БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сол күні шаруа қожалығының басшысы, 1943 жылғы Бектеміс Тәжібаев қалаға сүт сатуға кеткен де, үйде зайыбы, 1948 жылғы Ольга Тәжібаева қалған. Қарақшылар зейнеткерді пышақпен қорқытып, скотчпен байлап, сейфтен 500 мың теңгені алған да, табандарын жалтыратқан.

Содан бері күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп, олар 2 сәуір күні қолға түсті. Оның бірі көршілес Дариян ауылында тұратын 1966 жылғы Г. зейнеткерлердің алыс туысы болып шықты, ағайындарының немен айналысатынын жақсы білетін ол пайдакүнемдік мақсатпен қылмысты ұйымдастырған. Екінші күдікті, 1984 жылғы Орал қаласының тұрғыны техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінде жұмыс істейді екен. Оқиға орнынан оларды бірінің бауыры автокөлікпен қалаға жеткізіп, «олжаларын» бөліскен.