Барлық жедел әрекет ету қызметтері тез арада оқиға орнына шықты.
Темір жол вокзалы ғимаратынан 128 жолаушы мен вокзалдың 32 әкімшілік қызметкері қауіпсіз жерге көшірілді. Түбегейлі тексеруден кейін «жарылғыш заттың» жоқ екендігі анықталды.
Петропавл ст. Ішкі істер желілік бөлімі мен Солтүстік Қазақстан облысы ІІД қызметкерлері бірлесе отырып, Петропавл қаласында тұратын 22 жастағы азаматты ұстады. Ұсталған кезде, оның алкогольдік ішімдік ішкендігі анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 242-бабы, яғни, «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір күдікті азамат ҚР ҚПК-нің 132-бабына сәйкес Петропавл қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.