Мәскеудегі қорытынды баспасөз-конференциясында Е. Ыдырысов бүгінгі кездесуде бірқатар мәселе қаралғанын, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестік туралы да сөз болғаны атап өтілді.
Министр екі ел басшылары диалогының өнімділігін және тараптардың СІМ жұмыстарын атап өтті. 2013 жылы XXI ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімге қол қойылғанын атап өтілді.
«Биыл ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа қол қою ағымдағы жылдың маңызды шарасы болмақ. Өзекті халықаралық және айматық мәселелерді талқылай келе көзқарастарымыздың ұйқасатынын аңғардық. Біз қос мүдде мен әлемдік қоғамдастықтың мүдделерін назарға алып мәселелерді сындарлы шешеміз», — деді министр.
Өз кезегінде С.Лавров кездесу барысында «Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы ықпалдастық, 2015 жылға Еуразиялық экономикалық одақты құру, Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты дайындау мен оған қол қою» мәселелері талқыланғанын жеткізді.
2013-2015 жж ҚР мен РФ біріккен іс жоспарларының жүзеге асуы мәселесі талқыланды. Екі елдің СІМ барлық ведомстволардың тиісті жұмыстарды атқаруына көңіл бөледі деген келісімге келді.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей ықпалдастығының ХІ акймақаралық форумына дайындық барысы сараланды. Шара күз мезгілінде Атырау қаласында «Көмірсутектер саласындағы инновация» тақырыбында өтпек.Сондай-ақ қос тараптың халықаралық және аймақтық құрылымдардағы ықпалдастығы сөз болды. Екі жақ халықаралық өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Оның ішінде Ауғаныстандағы, Сириядағы жағдай, ирандық ядролық бағдарлама мен Орталық Азиядағы жағдай мәселелері бар.
«Украинадағы жағдайды да талқыладық. Көзқарасымыз бір: экстремистердің ісін тоқтату керек, Украинадағы жағдайды қалыпқа келтіруге жәрдемдесу, барлық аймақтың мүддесін есепке алып конституциялық реформаны қолдау қажет», — деді С.Лавров.
Тараптар осы жылдың екінші жартысында С.Лавров жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді деген шешімге тоқтады.
Сонымен қатар, Қазақстан және Ресей СІМ басшылары кездесуде 2014 жылға арналған екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ықпалдастық бойынша шаралар жоспарына қол қойды.