Қырғызстан Парламенті жаңа үкіметін сайлады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Парламенті жаңа үкіметін сайлады

Қырғызстан Парламенті жаңа үкіметін сайлады

Бейсенбі, 3 сәуірде, Қырғызстанның Жогороку кенешінің пленарлық отырысында депутаттар Жоомарт Оторбаевты елдің Премьер-Министрі лауазымына және үкіметтің жаңартылған құрамын сайлауға дауыс берді.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 428
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, 31 наурызда парламенттің үш фракциясы ҚӘДП, «Ар-Намыс» және «Ата Мекен» «Мемлекеттілікті нығайту үшін» атауымен жаңа парламенттік көпшілік коалициясын құру туралы келісімге қол қойды. Коалициядан Үкімет басшысы лауазымына үміткер ретінде Премьер-Министрдің міндетін атқарушы болып келген Жоомарт Оторбаевтың кандидатурасы ұсынылды.


Екінші сәуірде Қырғыз Республикасының Жогороку Кенешінің адам құқығы, конституциялық заңнама және мемлекеттік орнығу комитеті үкіметтің бағдарламасын, құрылымын және елдің Премьер-Министрі орынтағына Ж. Оторбаевтың кандидатурасын мақұлдады.