ОҚО-да қызыл су зиратты шайып кетуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да қызыл су зиратты шайып кетуі мүмкін

ОҚО-да қызыл су зиратты шайып кетуі мүмкін

Оңтүстік Қазақстанда бюджеттің миллиардтаған қаржысына салынған су арнасы сол маңдағы тұрғындардың түбіне жетуі мүмкін. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» деп аталатын 14 шақырымдық арна үш жыл бұрын ғана Мақтаралдағы алқаптарға су беру үшін салыныпты. Бірақ, содан бері арнаның екі жиегі кеңіп кететкен. Тіпті жапсарлас жатқан жолдар да, арыққа жақын үйлер де қирап қалған. Зиратты да су шайып жатыр.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 383
Фото - Caravan.kz

Үш жыл бұрын салынған су арнасы енді мұндағы жұрттың бас қайғысына айналды. Ақ алтынды алқаптарға су жеткізуі тиіс болған арық жыл санап кеңіп, қазір ені 15-20 метрге дейін жеткен. Қазір су арнасының үстіндегі көпірмен жүру мүмкін болмай қалды. Тұрғындар осы өткелмен ауыл зиратына қатынапты. Арнаның суы тіпті бейіттің шетіндегі шырақшының шаңырағын ортасына түсірді.  

– Өзіміз зорға шықтық іштен.

Қазір үйдің орнында қирандылар ғана қалған. Енді арықтың жиегі осылай кете берсе, мазардағы адам сүйектері де суға кетуі мүмкін. Ал, арнаның арғы бетіндегі жағдай тіпті қиын. Мұнда аудан орталығы мен ауылдарды жалғастырып тұрған жолдар қирап, жарамсыз болып қалған.

Нарқозы Мамбетов,  Мақтаарал ауданының тұрғыны;

-Бір жыл өтпей мына канал құлай бастады. Жазбаған жеріміз жоқ. Мына қорым кетті. Мына жерде шырақшының орны бар еді ол кетті. Аржағынан трактор айдатып жүретін жол бар еді ол кетті.   

Арық ауылдарға да азап шектіріп отыр. Жиегіндегі бағана құлауы мүмкін деп шенділер жақын жердегі Жеті қазына ауылын жарықсыз қалдырған. Ал билік арықтың жиегін ұстап қалу үшін бір жарым метрлік бетон плита төсепті. Одан пайда болмай, тұрғындар тағы шулаған.


-Арықтың жиегі құлап, ел шулай берген соң халықты басу үшін шенділер бір реттік жақсылық жасапты. Бюджеттен 45 миллион теңге бөлдіріп, ол қыруар ақшаға мына темір тормен оның астында жатқан тасты төсеп берген, Алайда,нәтиже болған жоқ. Яғни темір торда, таста оған бөлінген қыруар ақша да сумен бірге ағып кетті.

Осы 3жыл ішінде 14 шақырымдық арнаның 5 шақырымы опырылып кеткен. Енді билік өкілдері бірер жылда арнаның жағасын бетонмен бекітіп шығамыз деп отыр. 

Сембай Сейсенов, «Оңтүстік су шаруашылығы» ММ басшысы;

— Биылдың өзін көріп жатсыздар жер асты суы көбейіп кетті. Соңғы 10-15 жылда мұндай жағдай болғңан емес. Жер асты суының көбеюі мына каналдың бұзылуына әкеліп тұр.

Айтпақшы, билік осы аптаның басында 20 техника келіп, үлкен жұмыс бастаймыз деп уәде беріпті. Әзірге тірі жан көрінбейді.