Қазақстанда қолжетімді баспананың 1 шаршы метрінің құны нақтыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қолжетімді баспананың 1 шаршы метрінің құны нақтыланды

Қазақстанда қолжетімді баспананың 1 шаршы метрінің құны нақтыланды

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасына өзгертулер енгізді. Аталған құжатта бағдарлама аясында берілетін баспаналардың шаршы метрі де нақтыланды, деп хабарлады ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметіне

  • 4 Сәуiр 2014
  • 388
Фото - Caravan.kz

Бағдарламаға енгізілген маңызды өзгертулердің бірі тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құнының қайта қаралуы болды. Алдағы уақытта Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі желісі бойынша жайлылығы 4-ші санатты баспананың шаршы метрі құны Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында 110 мың теңгені, ал қалған өңірлерде 90 мың теңгені құрайды.  Ал Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы тапсырылатын 4-ші санатты үйлердің 1 шаршы метрі Атырау, Өскемен және Ақтауда 115 мың, қалған өңірлерде 110 мың теңгеге тең. Алматы мен Астанада салынатын үйлердің шаршы метрі құны өзгеріссіз қалып, 120 мың теңгені құрады.


Бағдарламаның әкімдіктерде кезекте тұрғандарына арналған бағыт бойынша да баспана шаршы метрінің құны өзгеріссіз қалып отыр. Атап айтқанда,  ол Астана мен Алматы қалаларында  шаршы метрі 120 мың, қалған өңірлерде 80 мың теңгені құрайды.