Наразылық шарасын ұйымдастырғандар үкімет өкілін әлі босатқан жоқ - Қырғызстан - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Наразылық шарасын ұйымдастырғандар үкімет өкілін әлі босатқан жоқ - Қырғызстан

Наразылық шарасын ұйымдастырғандар үкімет өкілін әлі босатқан жоқ - Қырғызстан

Қырғызстан билігі Талас облысындағы наразылық шарасына қатысушыларды қудаламайды.

  • 4 Сәуiр 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz

«Митингке шыққан азаматтарды алаңнан қумаймыз. Өйткені, бұл адамдардың арасында жаппай наразылық тудыруы мүмкін», — деп хабарлайды осы елдің ІІМ.

Бейсенбідегі қақтығыстар кезінде 19 милиционер жарақат алды. Оның екеуі ауруханада жатыр.

Наразы топ Бақай-Ата ауданы әкімі мен үкіметтің уәкілетті өкілі Ырыскелді Ботықовты қамаудан босатқан жоқ. Олар облыстағы Шыралжың алтын кенішін игеру туралы лицензияның күшін жоюды талап етіп отыр.

Талас – Тараз тас жолы әлі күнге жабық. Бүгін таңертең ол жерге жиналған халықтың саны 300-ге жуықтады.


Түнде Қырғызстан премьері Жомарт Отарбаев аталған кеніште жұмысты уақытша тоқтату туралы тапсырма берді. Алайда, біз құжатты көзбен көрмейінше жолды ашпаймыз, дейді акцияға қатысушылар.