"Секс-телефон" қызметін пайдаланғандығы үшін 1 млн теңге қарызға батты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Секс-телефон" қызметін пайдаланғандығы үшін 1 млн теңге қарызға батты

"Секс-телефон" қызметін пайдаланғандығы үшін 1 млн теңге қарызға батты

Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық соты жергілікті тұрғынынан  "Қазақтелеком " пайдасына 860 мың мың теңге өндіртіп отыр,

  • 4 Сәуiр 2014
  • 1063
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады жұмада облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Абонент қалааралық байланыс бойынша бір апта бойы сөйлескен кезде қарыз болып қалған. Сот барысында анықталғандай, телефон арқылы интимдік қызмет көрсететін фирма өкілінің айтуынша, телефонмен үй иесінің армиядан жуық арада келген ұлы сөйлескенге ұқсайды.

"Ол бұл фирмамен ұялы байланыс арқылы сөйлесу құнының бір минуты 330 теңге екендігін білмеген көрінеді.Және де телефонға шыққан бойжеткен оны сөйлесу тегін, деп сендірген. Соның салдарынан жеті күн ішінде жігіт сонша ақша қарыз болып қалған", деді баспасөз қызметінен.