Михаэль Шумахер есін жия бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Михаэль Шумахер есін жия бастады

Михаэль Шумахер есін жия бастады

Комада жатқан немістің автошабандозы Михаэль Шумахер ес-түсін білдіру белгілерін таныта бастады. Бұл туралы оның менеджері Сабина Кем мәлім етті, деп жазады шетелдік БА

  • 4 Сәуiр 2014
  • 393
Фото - Caravan.kz


Оның сөзіне қарағанда, Михаэльдің жағдайы жақсарып келеді.

Бұдан бұрын танымал автошабандоздың туыстары Шумахердің денсаулығында қалпына келудің белгілері байқала бастағанын хабарлаған еді.

Еске сала кетсек, Франциядағы Мерибельде 2013 жылғы 29 желтоқсанда тау беткейінде шаңғы теуіп жүрген Шумахер құлап, басынан ауыр жарақаттанған болатын. 3 қаңтарда 45 жасқа толған шабандоз содан бері Гренобль госпитальдарының бірінде ес-түссіз жатыр.