Серік Сәпиев туралы фильм түсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Сәпиев туралы фильм түсірілді

Серік Сәпиев туралы фильм түсірілді

Серік Сәпиев тағы да топ жарды. Қазақ боксшысы туралы түсірілген фильм Мәскеуде өткен кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды. 

  • 5 Сәуiр 2014
  • 300
Фото - Caravan.kz


ТМД және Еуропадағы 23 мемлекеттің кілең «мен» деген спортшылары өздері туралы фильм түсіріп, халықаралық кинофестивальге жіберген. Жүзге жуық картинаның ішінен тек қазақ боксшысының жетістігі ғана мәскеуліктерді таңқалдырыпты. Сүйсінгендері сонша, ресейліктер енді Серік туралы фильмді жаппай өз мектептерінде көрсетпек. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері өзі туралы кинода жұдырықтасудың қыр-сырымен бөліскен. Қазақтың жарық жұлдызы бұған дейін де Лондон Олимпиадасында әйгілі Фредди Эвансты тізе бүктіріп, күллі елді зор қуанышқа бөлеген болатын. Онда ағылшындықтар боксшыға Баркер кубогін қимастықпен берген еді.