Бұл Алматы көшелерінің бірінде түсірілген кадр. Бірақ, сөзі жақпады ма, көп ұзамай алынып тасталды. Ал Семейдегі тосын билборд бірден жұрттың көзіне түскен. Бірінде үй шаруасындағы әйел, өзгесінде қарапайым мектеп ұстазы бейнеленіпті. Әлеуметтік желілерде осы тақырып үлкен пікірталас тудырды. Бұл еліміздегі банктерден көңілі қалған тұрғындардың әрекеті болуы мүмкін. Ерекше жарнамаға кімнің тапсырыс бергені әзірге анықталған жоқ. Қалғанының әлі қанша күн қалқайып тұратыны да белгісіз.
Рауан Серікхантегі, Семей қаласының тұрғыны:
«Әттең, қазақ қысылғаннан, басына іс түскенде ғана қарыз алуға барады ғой! Бұл қарапайым қазақты, жұмысшыны қанау былайша айтқанда.