ШҚО-да тұрғындар заңсыз құрылысқа қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да тұрғындар заңсыз құрылысқа қарсы шықты

ШҚО-да тұрғындар заңсыз құрылысқа қарсы шықты

Шығыс Қазақстанда үйдің дәл іргесінен салынып жатқан дүкеннің арты үлкен дауға ұласты. Глубокое ауылының жұрты көпқабатты үйдің дәл жанынан ірі дүкен ашылатынын естіп, жаппай наразылыққа шықты. Ашуға ерік берген тұрғындар тіпті кәсіпкерді құрылыс алаңынан желкелеп қуып шықпақ болды.  Тіпті соңы қып-қызыл төбелеске ұласа жаздады.

  • 5 Сәуiр 2014
  • 202
Фото - Caravan.kz

Даудың басы болған мынау көпқабатты үйдің іргесіндегі шағын ғана жер аумағы. Бұл маңда  құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Тұрғындар қазірдің өзінде жүріп тұрудан қалған.  Оның үстіне жер астынан өтетін коммуникациялық жүйлерге де зақым келе бастағанын айтып отыр.

Осылай деп жанұшыра ұрандаған тұрғындар қолдарына плакат ұстап шыққан. Сөйтіп орын алған бассыздыққа тегіс қарсылық білжіруде. Өйткені 5 қабатты үйдің іргесінен үш қабатты дүкен ашса, жүздеген адам  қоршауда, тіпті қараңғы қапаста  қаламыз деп зар илеп отыр. Оның үстіне пысықай  кәсіпкер  дүкенді балалар ойнайтын  жерден салмақ.Қазір мұнда қауырт жұмыс жүріп жатыр.

Нәзгүл Бахытбекқызы, үй тұрғыны:

Бұл жерде балалар қалай ойнайды. Жол жоқ, құрылыс техникасы келгелі жол жүре алмай қалдық. Көшеге жүре алмаймыз. Егер шешілмесе Елбасына дейін баруға тура келеді.

Кәсіпкер құрылысқа 2004 жылы келісім алыпты. Жер учаскесіне де  заңды түрде қол жеткіздім деп бет бақтырар емес. Дүкенді  неге екені белгісіз тек араға 10 жыл салып көтеруге бел буған.  Ал тұрғындардың қарсылығын елейтін  түрі жоқ. Бірақ, ашуға мінген халық кәсіпкерге тап беріп, жақ ашқызбады. Тіпті өзара текетірестің соңы төбелеске ұласа жаздады.   


Талғат Қанапиянов, кәсіпкер:

Мына кісілер білмейді. Не үшін мында строика болып жатыр. Только жақсылық болады кісілерге. Промышленный магазин болады мына жерде.

Айқай болып жатқан жерге әншейінде төбе көрсетпейтін  жергілікті атқамінерлер мен прокурорлар шұғыл жетіп келді.Істің ақ-қарасын анықтап, жер учаскесін кәсіпкерден біржола қайтарып аламыз деп жұртқа басу айтқандай болды. Бірақ оған тұрғындардың сенгісі жоқ.  Ал наразы топ құрылыс тоқтамаса аштық жарияламақ.