Бұл есіктен шықсаң, көл болып жататын Венеция емес, Оңтүстіктегі Мақтаарал ауданы. Дренаждық жүйелер істен шыққан тұтас ауылдарда су жерге сіңбей, үнемі көлкіп жатады. Тұрғындар болса қысы-жазы резіңке етікпен жүруге мәжбүр.
-Мақтаралдық ауыл тұрғындарының көрген күні осы. Қар еріп, жаңбыр жауған мезгіл көктем мен күзде кемінде 6 ай тұрғындар толарсақтан қызыл су кешеді. Тұрған судың қауіптілігі сондай іргетастарды шірітіп, тіпті құрылыстарды құлатып жатыр.
Үнемі суда тұрған құрылыстардың құлауы жыл санап көбейіп келеді. Бірнеше күн бұрын ғана Ұлжалғас Дүйсенбаеваның сарайын су басып, тоқтағы тұйықталудан бар дүниесі өртеніп кеткен.
— Дымсыз қалдық
Құты қашқан тұрғындар ауылдық шендіден бастап аудандық басшы мен депутаттарға дейін сан мәрте шығыпты. Дегенмен бүгінге дейін тірі жан келіп шыбықтың басын сындырмаған. Енді көлкіп жатқан шалшықтан құбырлар шіріп, сасық судан ауырудың сан түрі шығыпты.
Бүбірайхан Қалыбеков, Мақтарал ауданының тұрғыны:
-Барлығының белі ауырады, бүйрегі ауырады, мына сыздан барлығы. Майда балдардың бәрінің іші ауру. Үйіміздің бәрі едені шіріп жатыр. Еденді тағы жөндедік, ол бәрібір астында су жатыр. Жатсаң астың су боп жатады.
Үйін судан тазартпақ болғандар насос жалдауға мәжбүр. Оның өзін күніне 3 мыңнан алады. Ал бір ауланың суын тарту үшін кемінде үш күн қажет екен. Ал су басып жатқан жұрттың жәйін сұрау үшін аудан әкіміне жолықпақ болдық. Бірақ, әкім Серік Тұрбеков өзімізге дүрсе қоя берді.
– Бес минут уақытыңызды бөле аласыз ба?
– Мынау әкім б,?
– Аузыңа қарап сөйлесей сен.
Ұят емес па? Мәдениетің жоқ.
– Кешіріңіз мен сізге айттым 5 минут уақытыңызды бөле аласыз ба деп?
– Бөле алмаймын дедім мен.
Мына кісілермен жұмыс істеп жатырмыз.
Астанадан келді.