Атырауда бір жарым центнерлік ақсерке ауланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бір жарым центнерлік ақсерке ауланды

Атырауда бір жарым центнерлік ақсерке ауланды

Атырауда Жайық өзенінде балықшылар бір жарым центнерлік ақсерке балығын ұстады.

  • 7 Сәуiр 2014
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Биылғы көктемде бұл біздің балықшылардың екінші олжасы. Бірнеше күн бұрын Жайықта ауға 140 келілілік ақсерке түсті. Енді  осы арқылы біз ақсерке уылдырығын алып, оны дер кезінде ұрықтандыра аламыз. Бұл тұрғыда зауыттың су қоймасында өсіретін шабақтар тіршілікке икемді болады», — деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының директоры Ғилман Сәрсемалиев.

Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий жарияланған. Соңғы жылдары Жайық-Каспий бассейнінде олардың таралымы 90 пайызға қысқарды. Тек қана облыстағы екі балық өсіру зауытында бекіре тұқымдас  балықтарын аулауға рұқсат етілген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша олар жылына 6 млн. ақсерке, қызыл балық және бекіре шабақтарын өсіруі тиіс.