Париждің Opеra Garnier опера және балет театрының жұлдыздары Алматыда өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париждің Opеra Garnier опера және балет театрының жұлдыздары Алматыда өнер көрсетеді

Париждің Opеra Garnier опера және балет театрының жұлдыздары Алматыда өнер көрсетеді

Сәуірдің тоғызында Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында Париждің әйгілі Opеra Garnier театрының жұлдыздары

  • 8 Сәуiр 2014
  • 601
Фото - Caravan.kz

Людмила Паглиеро мен Джошуа Хоффальт өнер көрсетеді. Әлемдік балет шеберлері оңтүстік астаналық көрермен назарына Адольф Аданның «Жизель» қойылымын ұсынады.

«Біз Қазақстан балетімен алғаш реті танысып отырмыз. (…) бұл біз үшін өзге елдің өкілдерімен билеуге мүмкіндік береді. Бұл бізге өзге стильді танып, билеудің басқаша үлгісін түсінуге, балет әртістерімен танысуға мүмкіндік береді. Жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бір балетті әртүрлі қырынан көруге болады», — деді Л.Паглиеро.

«Әрине, бұл балетті әркім өзінше қояды. Бірақ, біз «Жизельдің» француздық нұсқасын көрсетуге тырысамыз», — деп қосты ол.

Балет труппасының солистері «Жизель» спектаклінде қазіргі заманғы балет элементтерін де көруге болатынын айтады. «Біздің операмызда қазіргі заманғы балетке, заманауи биге көп орын бөлінген. Ертеңгі спектакльде міндетті түрде қазіргі заманғы балет элементтері болады. Өйткені, қазіргі заманда балет өнерінің көкжиегі күн санап кеңейіп келеді», — деп атап өтті Д.Хоффальт.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да мұндай ауқымды шараларды өткізіп отыруға уәде берді. «Біздің жоспарымыз көп. Біз еуропалық хореографты әкеліп, осы спектакль негізінде елімізге әйгілі жұлдыздарды әкелуді жоспарлап отырмыз», — деді Art Classic компаниясының бас директоры Ерлан Андағұлов.


«Жизель» балетінің премьерасы 1841 жылы Оперы Гарнье театрында өткен болатын, содан бері Франциядағы бас өнер ордасының афишасынан түскен емес.

Перейти к новостям спорта