«Астана Операның» жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина Румынияда Аиданы шырқайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Операның» жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина Румынияда Аиданы шырқайды

«Астана Операның» жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина Румынияда Аиданы шырқайды

Румыния опералық театрының арт-директоры Mihai Cosma және дирижері Кристиан Санду «Астана Операның» жетекші солисі Жұпар Ғабдуллинаны Джузеппе Вердидің «Аида» операсында басты партияны орындауға  шақырды, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 446
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық опера әншісі  12 сәуірде Румыния ұлттық опера және балет театрының (Бухарест) сахна төрінде өнер көрсетеді.

Жұпар Ғабдуллина — республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, «XXI ғасыр өнері» халықаралық конкурсының бас жүлде иегері, 2013 жылы  «Дж. Верди — 200 жыл» атты халықаралық опера фестивалінде «Аида» операсынан Аида партиясын орындаған.

Әнші Вердидің екі жүз жылдығына арналған фестивальде өзінің  шырқағаны  Кристиан Сандуға (Cristian Sandu) қатты әсер еткенін және ол итальяндық операда ойнауға рөл ұсынғанын мақтанышпен еске алады. «Шақыру алғаныма өте қуандым, атағы әлемге танымал опера әншілерімен сахнада қатар тұрып ән салу мен үшін үлкен құрмет, әрине»., — деді ол.  

Жұпар Ғабдуллина Аиданы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында орындады. бұл партия образы жағынан лирикалық екенін, алайда дауыстық тұрғыдан алғанда онда вокалдық, әсіресе драмалық сәттерді жеткізуде қиындықтар көп екенін атап өтті. Әртістің диапазоны өте кең болуы керек. «Бухаресте сахнаға шығатын әріптестермен бұған дейін бірде-бір рет өнер көрсеткен емеспін. Алайда бүгінгі күні ұшақтан түсе салып, бірден сахнаға шығатын заман. Бұл жерде шыдамдылық қажет және икемделе білу керек. Осы тұста өз өнер ордамыздың қанаты астында атқарылған жұмыстар жемісін беріп, жақсы көмектеседі. Әлемде танымал жоғары бас иесі — Елдар Әбдіразақовпен бірге «Аттила» операсында Одабелла партиясын орындағаным, кейін Мариин театрында Роберто Тальявинимен шырқағаным мен үшін жақсы тәжірибе болды, сондықтан да алдағы Бухаресте өтетін тұсаукесер ойдағыдай өтетініне сенімім бар», — дейді Ж.Ғабдуллина.

Перейти к новостям спорта