Қыздар университетінің аруы анықталды - ФОТО - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздар университетінің аруы анықталды - ФОТО

Қыздар университетінің аруы анықталды - ФОТО

Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде дәстүрлі «Университет аруы-2014» байқауы болып өтті, деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметінен. Қазақтың салт-дәстүрін қыздардың бойына сіңіру, болашақ ана, болашақ жар, шаңырақтың шырақшылары ретінде тәрбиелеу, қазақ қыздарының аяулы да сұлу болмысын, бүгінгі рухани ұлт дәстүрі мен мәдениетін бойына жинақтаған, ақылына көркі сай аруларымызды елімізге насихаттау мақсатында өткен байқауға оқу орнының әрбір факультетінен бір үміткерден, сан өнерді тал бойына тоғыстыра білген белсенді де, өнерлі, ақылына көркі сай, бұрымды қыздарымыз қатысты. Үміткерлер 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 986
Фото - Caravan.kz

Сұлуларға «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Аянның рөлін сомдаған жас актер Артур Төлепов, «Кеш YOU» тобының әншісі Кәмшат Жолдыбаева, «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізуші-редакторы Маржан Болатханқызы сынды белгілі адамдар төрелік жасады.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен Өнер және мәдениет факультетінің 1 курс студенті Сабина Қойшанова Қыздар университетінің аруы атанды.



Перейти к новостям спорта