Сергей Светлаков: «Осы фильмнен соң менің отбасыма төнген қауіп-қатер сейіледі деген үміттемін» - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сергей Светлаков: «Осы фильмнен соң менің отбасыма төнген қауіп-қатер сейіледі деген үміттемін»

Сергей Светлаков: «Осы фильмнен соң менің отбасыма төнген қауіп-қатер сейіледі деген үміттемін»

- Фильмді тамашалар алдында көрермендерді белгілі бір күйге келтіргім келеді, - деді Светлаков.  – Бұны таза комедия деу қиын, бұл - комедия, мелодрама, фэнтези элементтері бар көңіл көтеретін кино. Оны көріп болған соң көрермен киноның ерекше бір дәмін сезетін болады.

- Фильмде темір жол тақырыбы қозғалған. сіздің ата-анаңыз осы салада қызмет еткенін білеміз және де мамандығыңыз да аталмыш саламен тікелей байланысты. Бұл кинокартинаның дүниеге әкелуге себепкер болды ма?

- Менің өмірімде барлығы темір жолмен байланысты.  Өзім темір жол ауданында тұрдым, темір жол гимназиясында білім алдым, тіпті Темір жол университетін тәмамдадым. Әкем, анам, әжем, атам - бәрі темір жол саласында еңбек етті. Сол себепті осы фильмнен соң біздің отбасына

  • 17 Сәуiр 2014
  • 614
Фото - Caravan.kz

— Фильмде темір жол тақырыбы қозғалған. сіздің ата-анаңыз осы салада қызмет еткенін білеміз және де мамандығыңыз да аталмыш саламен тікелей байланысты. Бұл кинокартинаның дүниеге әкелуге себепкер болды ма?

— Менің өмірімде барлығы темір жолмен байланысты.  Өзім темір жол ауданында тұрдым, темір жол гимназиясында білім алдым, тіпті Темір жол университетін тәмамдадым. Әкем, анам, әжем, атам — бәрі темір жол саласында еңбек етті. Сол себепті осы фильмнен соң біздің отбасына деген "қарғыс" сейіледі деген үмітім бар. (бәрі жамырай күлді).

— Адамды күлдіру қиынның қиыны деген пікір бар. Осымен келісесіз бе?

— Жооқ, әрине келіспеймін! Бәрі оп-оңай!  Көріп тұрсыздар, міне, мен сөйлеп отырмын, ал сіздер күліп отырсыздар. (жымиды). Меніңше, бұл қиын емес. Ал екінші жағынан алып қарасақ, өмірді оңай дүние жоқ. Бірде-бір жеңіл мамандық жоқ. Бірақ, менің ойымша, егер адам өз қызметіне тым қатал қараса, оған оңай болмайды.


— Сіздің соңғы екі жұмысыңыз — «Горько»  және «Скорый «Москва-Россия», қазіргі қарапайым өмірді, яғни таптаурын болған тақырып болуы да мүмкін, бұл көздеген мақсатыңыз болды ма?

— Бұл мені қызықтырады. Егер өзім қатысқан барлық жобаны алып қарасақ, олар бір-біріне ұқсас.  «Наша Раша», «Прожектор Перис Хилтон», «Горько» және «Ёлки» — бұл, ортақ мақсатты құраушы буындар. Өмірімде  болып жатқан құбылыстарды қалт жібермеймін, бақылаймын. Бұл маған өте қызықты — қарқылдап күлу де, көл жасын көл қылып жылау да. Ең бастысы, түйсігімде өзім тұрып жатқан еліммен байланыста болғаны.

— Қазақстандық режиссерлерден ұсыныстар болды ма?

— Үнемі. Біреуімен келістім, бұйырса, Жаңа жыл алдында осымен үшінші рет түспекшімін. (күледі). Басқа ұсыныс әзірше түскен жоқ.

— Украинаға картина өзге атпен барады. Қандай атпен ұсынылмақ және неліктен атын өзгерттіңіздер?

—  Фильм қысқаша — «Скорый» деп аталмақ.  Саяси астары болмасын, көңілге кірбің ұялатпасын деген ниетпен осылай атауды жөн көрдік.  Сондай-ақ  жарнамадан: «Русские не сдаются!» деген сөздерді алып тастаймыз.


Сондай-ақ Сергей Светлаковтың тағы бір эксклюзивті  сұхбатын КТК телеарнасындағы "Другая правда" бағдарламасынан тамашалай аласыздар. 

Перейти к новостям спорта