Астанада Қазақстан халқы достығының XV қалалық фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан халқы достығының XV қалалық фестивалі өтеді

Астанада Қазақстан халқы достығының XV қалалық фестивалі өтеді

Елордада 25-26 сәуірде Қазақстан халқының достығына арналған «Біз - біртұтас халықпыз!» XV қалалық фестивалі өтеді.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады. 

Шараға еліміздегі 19 этномәдени бірлестік қатысады, деп күтілуде. Атап айтқанда, 25 сәуірде театр сахнасына «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі, «Ноғай мәдени орталығы» ҚБ, Қазақстан ұйғырлары РМО филиалы, «Хазар» Әзербайжан ҚБ, «Барбанг» ҚР күрдтер қауымдастығы» РҚБ филиалы, «Қырғызстан-Астана» ҚБ, «Астана қаласының Өзбек ЭМО» ҚБ, «Беларусь» ҚБ, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы, «Алеф» еврейлердің мәдени-ағарту қоғамдық-саяси қоғамы, «Злата» болгар мәдени орталығы» ҚБ шығады.

Ал 26 сәуір күні «Ватра» украин қоғамы, «Поляктар» ҚБ, «Радима» Беларусь мәдени орталығы, «Ван» армян қоғамы, «Оберег» украин қоғамы, «Возрождение» неміс қоғамы, Корея мәдениет орталығы, Дала казактары одағының Алматы аудандық филиалы өнер көрсетеді.

Достық фестивалі мерекелік концертпен аяқталады.

Еске салайық, фестиваль М.Горький атындағы орыс академиялық театрында өтеді. Кіру тегін.

Перейти к новостям спорта