«Астана Опера» театрының балет бишісі Францияның «Бордо» театрында өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана Опера» театрының балет бишісі Францияның «Бордо» театрында өнер көрсетеді

«Астана Опера» театрының балет бишісі Францияның «Бордо» театрында өнер көрсетеді

Заманымыздың көрнекті хореографы Шарль Жюд «Астана Опера» театры балетінің жетекші солисті Мәдина Баспаеваны «Бордо» театрының сахнасында композитор Л. Минкустың музыкасына жазылған «Дон Кихот» балетінде өнер көрсетуге шақырд

  • 25 Сәуiр 2014
  • 550
Фото - Caravan.kz

Мәдина Баспаева 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Китри басты партиясын француздық балет труппасымен репетициядан өткізеді. Қойылымның тұсаукесері ағымдағы жылдың маусымында өтеді, деп жоспарлануда.

Қазақтың өнерлі қызы француз сахнасына бірінші рет шығайын деп тұрған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, балерина «Бордо» театрында «Ромео мен Джульетта» қойылымының тұсаукесерінде билеген.

«Мәдина «Ромео мен Джульеттаның» тұсаукесерінде билегенде мен залда болдым. Өне бойым шымырлап, адам айтқысыз әсер алдым. Мен қаншама спектакль көрдім, солардың көбінде ішім пысып отыратынмын, сөзіме сенерсіз. Қанша жерден техникасы мықты болғанмен, ешқандай әсер алмасаң, әртіс бейнені жеткізе алмады деген сөз. Техниканы тамашалау үшін мен спорт сарайына немесе циркке бара аламын, ал Мәдина Баспаеваның орындағанына қарап шынымен сүйсінесің, ол көрерменге ішіндегі барын ақтарады», — дейді «Бордо» балеттік труппасының директоры Шарль Жюд.

Сол тұсаукесерден кейін қоюшы хореограф қазақстандық бишіге маусым айында «Бордо» театрының сахнасында билеуді ұсынды. Балет әртісі бірінші кезекте өзіне би шеберлігін үйреткен ұстаздары Т.Ә. Нұрқалиев мен Ғ.И.Бөрібаеваға алғысын білдірді.


«Француз көрермені біздің балет мектебіне, өнерімізге лайықты бағасын береді деп үміттенемін. «Астана Опера» театрының атынан өнер көрсететінімді шынымен мақтан тұтамын. Өзіме нық сенімдімін, «Бордо» балеттік труппасы маған жылы қабақпен қарап, жақсы қабылдады. Өзім өмірде ашық-жарқын адам болғандықтан, бас кейіпкердің партиясы жаныма жақын, ал мен билейтін Китридің мінезі назды, кейде ерке», — деп атап өтті Мәдина Баспаева.

Сондай-ақ балерина Шарль Жюдпен жұмыс жасау оған баға жетпес тәжірибе беретінін айтады.

«Хореограф өте бағалы ескертулер жасайды. Еуропалық балет мектебінің біздікінен айырмашылығы бар, айталық, қолды ұстау, билеу мәнері — бәрі басқаша, анағұрлым еркінірек», — дейді биші.

Перейти к новостям спорта