Түркістанда туристерге қызмет көрсету орталығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда туристерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістанда туристерге қызмет көрсету орталығы ашылды

Түркістан қаласында ұйымдастырылып жатқан облыс әкімі жанындағы «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумының делегаттары облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығы мен қолөнер шеберлері орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайтынан.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 508
Фото - Caravan.kz


Жиналған жұртшылық Түркістанда салынған туристерге қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі А.Мырзахметов облысымыздың, соның ішінде Түркістанның туристік әлеуетінің зор екендігін айтып, бұл орталықтың өңірімізде туризм саласын дамытуға тың серпін беретінін жеткізді.

«Орталықта туристерге көрсетілетін қызмет түрлері белгіленіп, барлық жағдайлар қарастырылған. Ғимарат 72 бөлмеден тұрады. Мүнда бір мезетте 200 туристке қызмет көрсетіледі. Орталық аумағында автотұрақ, қолөнершілер шеберханасы, тұрғын бөлмелер, намазханалар, асхана, мәжіліс және кино залы, әкімшілік бөлмесі, медициналық қызмет көрсету бөлмесі, ішкі демалыс алаңы, мал сою орны, ішкі дәліз қарастырылған», деп жазылған баспасөз хабарламасында.