Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 465
Фото - Caravan.kz

Отырыс кезінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізгі ережелері қосымша талқыланды, сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке Армения Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылу барысы қаралды.

Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары шартты дайындауда ілгерілеушілік барын айтты, сондай-ақ оны әзірлеуге іскер топтардың белсене қатысқанын атап өтті.

Үш елдің көшбасшылары құжаттардың келісілу үдерісін оң бағалап, мұның мемлекеттер арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың жоғары деңгейінің нәтижесі екенін атап өтті.