«Делдал тұлғалардың банктегі есепшоттарын пайдалану арқылы қолды болған бюджет қаржысының жалпы көлемі 5 млрд. 597 млн. 246 мың 706 теңгені құраған. Ал «СнабОйлСтрой» ЖШС кассасынан қолма-қол ақша түрінде шешілген сома - 2 млрд. 762 млн. 445 мың 435 теңге. Барлығы - 8 млрд. 359 млн. 692 мың 141 теңге» деді сотта мемлекеттік айыптаушы.
Мемлекеттік айыптаушы қолды болған қаржы сомасын жария ете отырып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2012 жылдың 23 қарашасынан бергі актісін басшылыққа алғанын айтты. Осы құжат негізінде атқарылмаған жұмыстар мен жымқырылған ақшаның көлемі анықталған болатын.