Ертең Алматыдағы Абай алаңы этно-қалашыққа айналады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Алматыдағы Абай алаңы этно-қалашыққа айналады

Ертең Алматыдағы Абай алаңы этно-қалашыққа айналады

Ертең 1 Мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай Алматыдағы Абай алаңында этно-қалашық құрылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлад

  • 30 Сәуiр 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Этно-қалашықта әрбір этно-мәдени бірлестікке арнайы шатыр бөлініп, оған келушілер әр ұлттың тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысады, ұлттық тағамнан дәм татады. Орталықта әр халықтың салт-дәстүрінен сыр шертетін этно-көрме ұйымдастырылады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 1 мамырда қаланың этно-мәдени шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
Мұндай шаралар қаланың әр ауданында ұйымдастырылмақ.


Алатау ауданында 30 мамырда — «Халық» стадионында; Медеу ауданында 1 мамырда — Орталық мәдени-демалыс саябағында, Алмалы ауданында — Арбат көшесінде; Әуезов ауданында — «Family» саябағында, Бостандық ауданында — «Mega Almaty» Сауда үйінде, Жетісу ауданында — Әкімдік ғимаратының алдында; Түрксіб ауданында C.Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.