Ақтөбеде курстасын ауыр жарақаттаған курсант сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде курстасын ауыр жарақаттаған курсант сотталды

Ақтөбеде курстасын ауыр жарақаттаған курсант сотталды

Ақтөбе облысының жасөспірімдер ісі жөніндегі ауданаралық соты Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған көпсалалы лицей-интернатының курсантын шартты жазаға кесті.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz

Айыпкер бұзақылық пиғылмен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, бір жыл сынақ мерзіммен төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс материалына сәйкес, кәмелетке толмаған жеткіншек кешкі асқа бара жатқан жолда курстасымен шекісіп қалып, алқымына үшкір затпен жарақат салған. Курсант көп қан жоғалтқан. Оларды ертіп келе жатқан тәрбиешілер төбелесті тоқтата алмаған.

Сотта курсант өз кінәсін мойындап, зардап шегушіден кешірім сұрады.