А.Жұбанов атындағы музыка мектебі өнерпаздарының «Қазақстан Камератасы» оркестрімен біріккен концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Жұбанов атындағы музыка мектебі өнерпаздарының «Қазақстан Камератасы» оркестрімен біріккен концерті өтеді

А.Жұбанов атындағы музыка мектебі өнерпаздарының «Қазақстан Камератасы» оркестрімен біріккен концерті өтеді

Алматыда 3 мамыр күні «Қазақстан Камератасы» оркестрінің А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты оқушыларымен бірлескен концерті болад

  • 30 Сәуiр 2014
  • 637
Фото - Caravan.kz

Ол аталмыш білім ордасының 50 жылдық мерейтойына арналып отыр. Онда 2, 3, 4 сынып оқушылары И.Гайдн, П.И.Чайковский және тағы басқа композиторлардың шығармаларын орындайды, деп хабарлайды qazaq-alemi.kz.

Айта кетейік, «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестрі 1997 жылы дарынды скрипкашы, ҚР Халық әртісі, профессор Гауһар Мырзабекованың бастамасымен құрылған. Ол тек Қазақстан ғана емес, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Чехия, Венгрия, Словакия, Түркия, Үндістан, Македония сияқты шетелдерде тыңдармандардың үлкен ықыласына бөленіп үлгерді. Ұжымның шетелдік сапарларының мақсаты — қазақстандық сазгерлердің шығармашылығын насихаттау, шетелдік дирижерлермен және жеке орындаушылармен бірлесіп өнер көрсету, халықаралық фестивальдарға қатысу.


Оркестр мүшелерінің бірқатары — А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының түлектері. Өнер ұжымы жыл сайын мектеп-интернаттың дарынды оқушыларымен бірігіп жас орындаушыларды сахна мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында түрлі концерттер өткізіп келе жатыр.

Перейти к новостям спорта