Қазан айынан бастап автокөліктерге арналған VIP-нөмірлер ресми түрде сатыла бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазан айынан бастап автокөліктерге арналған VIP-нөмірлер ресми түрде сатыла бастайды

Қазан айынан бастап автокөліктерге арналған VIP-нөмірлер ресми түрде сатыла бастайды

Қазақстанда автокөліктерге арналған VIP-нөмірлер үшін төленетін салық көлемі белгіленді.

  • 30 Сәуiр 2014
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов мәлім етті.

«Заң бойынша Салық кодексіне, атап айтқанда, сұраныс жоғары VIP-нөмірлерге жоғары салық белгілеу туралы түзетулер енгізілді», — деді ол сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Мәселен, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлерін алғысы келетіндер 253 мың 724 теңге (1 АЕК-тің 13 мың 700%) төлейді.

Ал, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сынды VIP-нөмірлер үшін 422 мың 256 теңге (1 АЕК-тің 22 мың 800%).


Оның айтуынша, Салық кодексіне енгізілген түзетулер алты айдан кейін, шамамен қазан айында күшіне енеді.