Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушы жеті жасар баланы зорлады деп танылды. Бүлдіршіннің ар-намысын аяққа таптаған жасөспірім өмірінің 10 жылын жалпы тәртіптегі түрмеде өткізеді.
Іс жабық режимде өтті. Тергеу кезінде ата-анасының жауапкершілігі негізінде босатылған күдікті сот залында тұтқынға алынды.