Жас ғалымдар «Экспо» көрмесіне қатыспақ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас  ғалымдар «Экспо» көрмесіне қатыспақ

Жас ғалымдар «Экспо» көрмесіне қатыспақ

Бүгін Тұңғыш Президент қорында жас ғалымдар «Экспо-2017» көрмесін өткізу мәселелерін талқылады. Шараға Халықаралық инновациялық ағарту орталығының сарапшылары мен ғылыми қызметкерлер қатысты. 

  • 1 Мамыр 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz

Еліміздің іргелі оқу орындарынан жиналған ғалымдар халықаралық көрменің Қазақстан үшін тиімділігіне баса назар аударды. «Болашақтың энергиясы» жобасы арқылы балама энергия көздерін табу, «жасыл экономиканы» жандандыру туралы ойларын ортаға салды. Көрменің басталуына 3 жыл қалғанын ескерсек, алда қыруар жұмыстар күтіп тұр. Сарапшылар бірінші кезекте отандық ғылымның деңгейін көтеру керек деген пікірде.


Перизат Орынбет, Халықаралық Бизнес академиясының оқытушысы:

«Жасыл экономиканы» дамыту, балама энергия көздерін ашу экономикамыздың жаңғыруына үлкен үлесін қосады. Егер де осыны толықтай игеретін болсақ, болашақта Қазақстан үшін қол жетпес байлық көзі болар еді.