Шенеуніктер мүгедектердің арбасына отырып қаланы аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шенеуніктер мүгедектердің арбасына отырып қаланы аралады

Шенеуніктер мүгедектердің арбасына отырып қаланы аралады

Қымбат көліктен – мүгедек арбасына! Бүгін Батыс Қазақстан облысының шенеуніктері автокөліктерін бір сәтке мүгедек арбасына алмастырып, жарымжан жандардардың қалада жүріп тұруына қаншалықты жағдай жасалғанын өз көздерімен көрді.

  • 1 Мамыр 2014
  • 229
Фото - Caravan.kz


Бір айта кетерлігі, мүгедек арбасына қалалық әкімдіктің жоғары шенді емес, жас қызметкерлері отырды. Тек, олар да кембағал жандардың күнделікті кездесетін кедергілерін еңсере алған жоқ. Жабылып жүріп ойқы-шойқы тротуардан әзер өткенімен, автобусқа да, дәріханаға да бас сұға алмады. Себебі, қалада жарымжан азаматтар үшін жағдай жасалмаған. Қоғамдық көлікті айтпағанның өзінде, пандустың жоқтығынан күнделікті дүкендер мен дәріханаға кірудің өзі қиямет. Бүгінгі шарадан сабақ алдық деген шенділер, енді мүгедектер арбасына таңылғандар үшін бар жаңдайды жасауға уәде берді.