Көкшетауда қызылшаның өршуіне байланысты карантин жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Көкшетауда қызылшаның өршуіне байланысты карантин жарияланды

Көкшетауда қызылшаның өршуіне байланысты карантин жарияланды

Көкшетауда қызылша дендеп барады. Жыл басынан бері қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне осы кеселмен 300 адам түскен. Денесін бөртпе басқандар қазірдің өзінде күн сайын дәрігерлерден көмек сұрап, келіп жатыр.

  • 1 Мамыр 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

Қызылша — бұл вирустық инфекция. Егер науқас түшкіріп, жөтелсе ауа арқылы қасындағыларға бірден жұғады. Сондықтан жұқпалы ауруды бірден ауыздықтау қиын дейді мамандар. Денесін бөртпе басып, қызуы көтерілген осындай сырқаттар Зеренді мен Сандықтау аудандарынан да келіп қаралуда. Дәрігерлер қазір науқастарды оқшаулап, карантин жариялапты. Бұған дейін балалар ауырып келген бұл дерттің қалай ересектерге жұққанын әзірге ешкім түсіне алмай отыр. Облыста осыған орай қызылшамен күресетін арнайы штаб құрылды.   


Көкшетау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері:

-Қызылша-жұқпалы ауру негізінен балаларға тән. Бірақ, балаларға соңғы 6 жылдан бері қызылшаға қарсы егу жасалады. Бізді таң қалдырып отырғаны, қызылшамен негізінен ересектер ауырып жатыр.