СҚО-да адам қағып өлтірген полицей бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да адам қағып өлтірген полицей бостандыққа шықты

СҚО-да адам қағып өлтірген полицей бостандыққа шықты

Солтүстік Қазақстан облысында мас күйде рөлге отырып, адам қаққан шенді полицей бостандыққа шықты. Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің капитаны 27 жастағы ауылдасын қағып мерт қылған болатын. Марқұмның артында екі сәбиі қалды.

  • 2 Мамыр 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz


Марқұм түн ортасында көрші ауылдағы туысынынан қайтып жаяу келе жатқан екен. Араққа тойып алған капитан жол шетінде келе жатқан жігітті басып өтіпті. Кейін тәртіп сақшысына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған. Алайда адвокаттары оны түрмеге бір апта да түнеткен жоқ. Кепілдікке көлігін қойып, Айдос Қаңтаевты босатып алды. Көлікті сот 700 мың теңгеге бағалапты. Судьяның мұндай шешім қабылдауына жәбірленуші жақтың капитанды кешіргені түрткі болса керек.