Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Футболдан Лига Еуропаның ақтық жұбын «Бенфика» мен «Севилья» құрады. Португалиялық футболшылар екі ойын нәтижесі бойынша Туриннің «Ювентусін» артқа тастады.

  • 3 Мамыр 2014
  • 253
Фото - Caravan.kz

Тартысты өткен тәртібін бұзғаны үшін  ойыннан қуылған  Энцо Перес «Бенфиканы» қиын жағдайға тап қылды. Бірақ  алаң иелері бұл мүмкіндіктен нәтиже шығара алмады.  Не керек Лиссабондағы алғашқы кездесуде 2:1 есебімен ұтқан «Бенфика», екінші жыл қатарынан мәртебелі турнирдің ақтық сынынан орын алды. Испаниялық клубтар арасында өткен екінші жартылай сында, «Валенсиядан » мерейін асырған «Севилья» финалға жолдам алды.  Лига Еуропаның ақтық бәсекесі 14 –мамыр күні Туринде өтеді.

 

Қазақстан премьер лигасында тоғызыншы турдың ойындары өтті.  Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Ақтөбе» өз алаңында «Қайраттан» басым түсті.

Кездесудің 26- минутында Абат Айымбетовтың  сол қапталдан шығарған добын  жақын жерден торға тоғытқан Марат Хайруллин  көзге түсті. 

Бұл Хайруллиннің ел чемпионатындағы 55 голы. Бүгінгі жеңістен кейін 20 ұпай жинаған «Ақтөбе» өзінің турнир кестесіндегі жағдайын нықтай түсті. Осы турдың орталық матчы саналған «Шахтер» мен «Астана» арасындағы бәсекеде есеп ашылған жоқ. Семейде жергілікті «Спартак» «Қайсармен» ұпай бөліссе, «Тараз» 1:0 есебімен «Жетісудан» алда болды. Тоғызыншы турдағы ең нәтижелі есеп Павлодарда тіркелді. Қостанайдың  «Тобылын» қабылдаған «Ертіс» өз қақпасына жауапсыз үш гол жіберіп алды.

 


Солтүстік Американың Ұлттық баскетбол лигасында плей-оффтың алғашқы раунд ойындары қызып тұр. «Оклохома-Сити» мен «Мемфис» арасындағы алтыншы кездесу ірі есеппен аяқталды.

Мемфистегі бәсекеде 84:104 есебімен қонақтардың жолы болды. Бүгінгі ойында «Оклохома» лидері Кевин Дюрант 36 ал, Рассел Уэстбрук өз командасы қоржынына 25 ұпай салып берді.  Алаң иелері сапында ең нәтижелі ойын көрсеткен Марк Газольдың есебінде 17 ұпай.  Сериядағы есеп әзірге 3:3. Бұл теке-тіреске нүкте қоятын жетінші матч ертең  Оклохма-Ситиде өтеді.