Шымкент зообағы жолбарыспен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент зообағы жолбарыспен толықты

Шымкент зообағы жолбарыспен толықты

Шымкент зообағында қатары сиреп бара жатқан Амур жолбарысы пайда болды. Молдовадан әкелінінген жануардың жасы бірге де толмапты. Шерхан деп аталатын шөнжік Шымкентке келе сала адамдарға жылдам бауыр басты.

  • 3 Мамыр 2014
  • 265
Фото - Caravan.kz


Шымкенттегі зообақ қызметкерлері жолбарыстың қарымтасына молдавандарға жыртқыш құстың екеуін беріпті. Қазір әлемде бес-ақ жүз Амур жолбарысы қалған. Сондықтан мұндай айырбас шымкенттіктер үшін  өте тиімді болып тұр. Қазір, Шерханды Мая және Жеңіскүл деп аталатын екі өлекшіннің торына орналастырды. Кейін есейе келе Шерхан мен Жеңіскүлден зообақ қызметкерлері шөнжік алмақ ойлары бар екен.