Ақтауда 2 әскери қызметкердің өліміне қатысты күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 2 әскери қызметкердің өліміне қатысты күдікті ұсталды

Ақтауда 2 әскери қызметкердің өліміне қатысты күдікті ұсталды

Ақтауда келісімшарт бойынша қызметте жүрген 2 әскеридің өліміне қатысты күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Маңғыстау облысы бойынша ІІД баспасөз қызметі.

  • 4 Мамыр 2014
  • 292
Фото - Caravan.kz

«Ол өз қылмысын мойындады. Қазір тергеу жүргізілуде. Бұған қатысты өзге ақпарат әзірге таратылмайды», — деді облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Әлия Шармағамбетова. Оның сөзіне қарағанда, ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2 мамыр күні Ақтауда жалдамалы пәтерде зорлықпен өлтірілген 2 әскери қызметкердің мүрдесі табылған. Ал пәтердің өзін әлдебіреулер өртеп жіберген. Марқұмдар №25744 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызметте жүрген. Бұл теңіз жаяу әскерлерінің бригадасы. Оқиғаның мән-жайы әзірге таратылмай отыр.